Өскемен тұрғыны ойыншық тапаншамен жанармай бекетін тонап кетті

27 Маусым 2022, 20:50
1066
Бөлісу:
Өскемен тұрғыны ойыншық тапаншамен жанармай бекетін тонап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ер адам танымал "Кальмар ойыны" сериалындағы масканы тағып, жанармай құю станциясына шабуыл жасады.

Өскемен полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 30 мамырда болған.

Өскемен полиция департаментінің "102" жедел желісіне хабарлама келіп түсті. Қоңырау соққан адам түнде "Кальмар ойыны" сериалындағы масканы киген белгісіз ер адам Гейдерная көшесіндегі жанар-жағармай құю станциясындағы кассирді тапаншаға ұқсас затпен қорқыту арқылы инкассатор сөмкесіндегі екі миллионнан астам ақшаны тонап кеткенін хабарлады, - деп мәлімдеді департаменттегілер.

Тәртіп сақшылары сигналды қабылдағаннан кейін қылмысты ашуға тез арада кірісіп кеткен. Тергеу амалдарының бүкіл кешенін жүргізгеннен соң криминалды полиция қызметкерлері екі сағат ішінде облыс орталығының 40 жастағы тұрғынын ұстады.

Өзгелердің жаңалығы