Өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырамын – Қасымбек

30 Маусым 2022, 19:54
1139
Бөлісу:
Өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырамын – Қасымбек
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өртке қарсы күрес шараларына қысқаша тоқталып өтсем. Нұра және Абай аудандарында шөптің жану жағдайлары тіркелді, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Қарқаралы ауданында орман шаруашылығы аумақтарында өрт жағдайларын алдын алуға бағытталған қажетті шаралар жалғасуда. Аймақты қарауылдау мен патрульдеу, су шашу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда өртті алдын алу жұмыстарына ҚР ТЖМ 100 әскери қызметшісі тартылған. Кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты мұнда жаңадан өрт ошақтары пайда болды. Қазіргі уақытта қолға алынған шаралардың арқасында жағдай тұрақталды. Бұл жерге барлығы 220 адам мен 25 бірлік техника жұмылдырылған, - деп жазды ол.

Өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырамын – Қасымбек

Құрғақ шөптің өртену жағдайлары табиғи алқаптарда ғана емес, елді-мекендер аумағында да орын алуда. 

Оның негізгі себебі - адами фактор. Қазіргі уақыттағы құрғақ ауа райы өрттің тез басталуына ықпал етсе, жел оттың тез таралу қауіпін тудырады. Сондықтан облыстың тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігін барынша сақтауға шақырамын.

Өрт орын алған кезеңде оны өшіруге қатысқан барлық құтқарушыларға, әскери қызметшілер мен еріктілерге алғысымыды білдіремін, - деді Қасымбек.

Өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырамын – Қасымбек
Өзгелердің жаңалығы