Оразбаев: Тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың несиесі кешіріледі

20 Қаңтар 2022, 17:30
1907
Бөлісу:
Оразбаев: Тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың несиесі кешіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бейбіт шеруге шығып зардап шеккендерге қандай қолдау көрсетіледі? 

ҚНРДА Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директорының орынбасары Ернар Оразбаев жауап берді.

Бұған дейін күш құрылымдарындың қызмет кезінде қайтыс болған әскери қызметшілердің туыстарының, жұбайларының тізімдері толық жасақталып, жұмысын аяқтадық. Несилері кешірілу бойынша шешімдер шығарылды. Ал бейбіт азаматтардың ішінде зардап шеккендер тізімін қарастырып жатырмыз. Өкілетті органдармен бірге жұмыс істеудеміз. Олардың нақты бейбіт азаматтар екені анықталғаннан кейін жұмыс жалғасатын болады, -деді Е.Оразбаев.

 

Сондай-ақ ол несие алушылардың құқықтарын қорғау бойынша екі шарт бар екенін айтты.

Біріншінден, кредиттік ұйымдар қарыз алушылардан кейінге қалдырған операциялар бойынша ешқандай комиссия ұстамайды. Екіншіден, қарыз алушылардың талап ету жұмыстарын оның ішінде мерзімі өткен берешектерді реттеу қажеттілігі туралы хабарламалар жіберілмейді. Әрине, бұл тарапта біз банк әрі микроқаржы ұйымдарымен бірге жұмыстардың бәрін тұрақты түрде  күнделікті бақылауға алып отырамыз, -дейді Е.Оразбаев. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы