Оқушылардың болмыс-бітімін жетілдіруде ұстаздар рөлі ерекше – Көлгінов

25 Мамыр 2022, 12:00
1076
Бөлісу:
Оқушылардың болмыс-бітімін жетілдіруде ұстаздар рөлі ерекше – Көлгінов
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Мұғалімдердің кәсібилігі мен шыдамдылығының арқасында мектеп оқушылары мен студенттер білім алып, олимпиадалар мен конкурстарда жүлделі орынға ілігіп жатады. Осылайша мамандығын анықтап, өмірден өз орнын табады, деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов Facebook-тегі парақшасында.

Оқушылардың болмыс-бітімін жетілдіруде ұстаздар рөлі ерекше. Қаламызда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанында (Абылай хан даңғылы мен Ақбұлақ өзені бойындағы «Беласар» көпірі арасында) Ұстаздар саябағы абаттандырылып, ашылды. Бұл қала тұрғындары үшін тартымды орындардың біріне айналып қана қоймай ұстаздар мен студенттердің пікір алмасатын алаңы болмақ. Ұстаздар саябағы сол маңдағы көпір асты кеңістігі мен құтқарушылар саябағының жалғасы болып саналады, сол сияқты ол Ақбұлақ өзенінің жағалауын біріктіреді, оны біз биыл абаттандырып, қаланың тартымды орындарының біріне айналдыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша елорданың оң жағалауында бос уақытты пайдалы өткізетін әрі спортпен шұғылдануға болатын ыңғайлы орындар саны арта түсті, - деді ол.

Оқушылардың болмыс-бітімін жетілдіруде ұстаздар рөлі ерекше – Көлгінов

Алдағы жаңа оқу жылынан бастап педагог болып жұмыс істейтін түлектерге бүгін сөз берілді. 

Болашақ ұстаздар елорда тарапынан бөлінген грант бойынша білім алды. Осыған дейін біз 1300 грант бөлген едік, ал жаңа оқу жылында тағы 1000 грант бөлінеді. Сол сияқты білім беру әдісімен көзге түскен ұстаздарға 300 мың теңге көлемінде сыйақы береміз. Олардың еңбегінің арқасында оқушыларымыз олимпиадаларда 90-нан аса медаль жеңіп алды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұстаздар қауымына жағдай жасауға және сапалы білім алуға айрықша көңіл бөлінеді: «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды, оның нәтижесінде мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға артады, сондай-ақ соңғы үш жылда 70 мың оқушыға арналған 34 мектеп салынды, «Elorda Jastary» бағдарламасы бойынша тұрғын үй, бұдан бөлек білім беру, жұмысқа орналастыру секілді түрлі көмек көрсетіледі.

Құрметті ұстаздар, түлектер, ата-аналар, сіздерді оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, бақыт, әрбір бастамаларыңызға табыс тілеймін! Өздеріңізге және өз күштеріңізге сенім артыңыздар!, - деді Алтай Көлгінов.

Оқушылардың болмыс-бітімін жетілдіруде ұстаздар рөлі ерекше – Көлгінов
Өзгелердің жаңалығы