Олимпиада – кез келген спортшының өміріндегі басты оқиға

27 Қаңтар 2022, 20:00
1642
Бөлісу:
Олимпиада – кез келген спортшының өміріндегі басты оқиға

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиадаға тоғыз шығысқазақстандық спортшы 13 лицензия жеңіп алды. Бұл туралы ШҚО әкімі әлеуметтік желіде жазып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Құрметті жерлестер! Бүгін ұлттық құрама сапындағы облысымыздың спортшылары 4-22 ақпан аралығында Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиадаға аттанады. Бұл әлемдік додаға барлығы 95 ел қатысады. Жарыс бағдарламасында спорттың 7 түрінен, 15 спорттық пән бойынша 109 медаль ойнатылады, – деді облыс әкімі.

Біздің спортшылар фристайл, трамплиннен шаңғымен секіру, биатлон және тау шаңғысы сияқты спорт түрлері бойынша өнер көрсететін болады. 

Барлық тоғыз шығысқазақстандық спортшы 13 лицензия жеңіп алды. Олардың есімдері бәрімізге өте таныс: Юлия Галышева, Аяулым Амренова, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Олеся Граур, Сергей Ткаченко, Галина Вишневская-Шепоренко және Захар Кучин. Олардың әрқайсысы ірі халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып келеді. Бірақ Олимпиада – кез келген спортшының өміріндегі басты оқиға. Мен біздің құрамаға сәттілік, төзімділік тілеймін және барлық шығысқазақстандықтар біздің құрамаға жанкүйер болатынына сенімдімін! – деп жазды Даниал Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы