Нұр-Сұлтанда алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды

24 Қаңтар 2022, 15:52
1589
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 38 жастағы қала тұрғыны банктердегі таныстық байланыстарына сүйеніп ипотеканы төмен пайызбен рәсімдеуге көмектесуге уәде берген.

Күдікті әйел өз қызметтерін таныстары арқылы ұсынатын болған. Алаяқ өткен жылы төрт азаматты алдап соққан. Жәбірленушілер салған бастапқы жарнаның сомасы 600 мың теңгеден жоғары болды. Ал алаяқ әйел өзінің сыйақысын бірден алып отырған, алайда уәдесін орындамаған, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. 

Алаяқтық жасады деген күдікті бұл әрекетін мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі (Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, оның елорда аумағында осындай қылмыс жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Полиция атап өткендей, осы баптың санкциясы жазаны жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. 

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге ескертеді.

 

 

Өзгелердің жаңалығы