Ноғаев:2023-2024 жылдары 5 ұйым заманауи медициналық жабдықтармен қамтылады

25 Қаңтар 2022, 10:38
957
Бөлісу:
Ноғаев:2023-2024 жылдары 5 ұйым заманауи медициналық жабдықтармен қамтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, кешенді жоспар аясында 5 жаңа шағын ауданды инженерлік-инфрақұрылыммен қамтуға, қалалық жолдар сапасын арттыру аясында қосымша 8,5 км жолды салуға мүмкіндік болады.

Сондай-ақ Н.Ноғаев өз мәлімдемесінде Маңғыстауды дамыту кешенді жоспарының екінші маңызды бағыты – өңірдің әлеуметтік құрамдас бөлігі жоспарымен таныстырды.

Бұл бағыт аясында жоспар қажетті кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың тапшылығын шешу, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт инфрақұрылымын дамыту мәселелері қарастырылды, - деді ол.

Ноғаевтің мәлімдеуінше, Денсаулық саласында 2022 жылы лизинг арқылы 5 реанимобиль сатып алынады және 2023-2024 жылдары 5 ұйым заманауи медициналық жабдықтармен қамтылатын болады.

Қаржыландыруға келетін болсақ, Кешенді жоспардың жалпы бюджеті 2,1 трлн теңге, оның ішінде 62% жеке инвестиция үлесіне келеді. Бұл ретте бюджеттік қаражаттың көлемі 493 млрд теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджет – 375 млрд теңге, жергілікті бюджет – 118 млрд теңге, -деп мәлімдеді Маңғыстау облысының әкімі.

Сондай-ақ сөз соңында Нұрлан Ноғаев Үкімет мүшелеріне 2021-2025 жылдарға арналған өзектендірілген кешенді жоспарын қолдауды сұрады.

Кешенді жоспарда қарастырылған іс-шаралар халықтың әл-ауқатын жақсартуға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер беретінін ескере отырып, Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған өзектендірілген Кешенді жоспарын қолдауларыңызды сұраймыз. Барлық орталық мемлекеттік органдарға Кешенді жоспардың шараларына қолдау көрсеткендеріне ерекше ризашлығымызды білдіреміз! –деді облыс басшысы.

Өзгелердің жаңалығы