Мусин: Жалақыны арттыру бойынша жоспар құруды тапсырдым

17 Қаңтар 2022, 16:42
1361
Бөлісу:
Мусин: Жалақыны арттыру бойынша жоспар құруды тапсырдым

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында осылай мәлімдеді.

Мусиннің айтуынша, оған күн сайын азаматтардан түрлі тақырыпта жүздеген жеке хабарлама келеді.

Оның ішінде ұсыныстар мен идеялар, базалардағы ақаулар немесе интернетке қатысты шағым, сондай-ақ біздің қызметкерлердің өтінімдері де бар, -дейді министр.

Оның сөзінше, «Азаматтарға арналған үкімет» жұмысшыларынан жалақыға қатысты біраз өтініш түскен.

ХҚКО қызметкерлеріне артылған жүктеме өте үлкен. Біздің фронт-офистер – мемлекеттің бейнесі, себебі ХҚКО қызметкері – мемлекеттік қызметтерді оффлайн алудың жалғыз көзі.  Өткен демалыста «Азаматтарға арналған үкімет» басшылығымен осы жайтты талқыладым. Әділ Қожықовқа барлық аймақтардан жұмысшыларды тарта отырып, жалақыны арттыру бойынша жоспар құруды және жалпы еңбекақы мен сыйақы жүйесін қайта қарауды тапсырдым, -деді Бағдат Мусин.

Сонымен қатар Бағдат Мусиннің мәлімдеуінше, еңбекақының жаңа жүйесін облыстағы ұжымдармен біріге отырып жасау маңызды.

5 жылдан бері жалақысы түк өзгермеген қызметкерлер категориясы да бар. Осы мәселені жылдам жөндеу қажет. Алдағы наурызда жұмысшылар мен олардың отбасылары оң өзгерістерді сезінуі тиіс, -деп атап өтті ол.

Өзгелердің жаңалығы