Мұнай өнімдерінің бағасын көтергендер жазаланады

20 Қаңтар 2022, 16:15
1528
Бөлісу:
Мұнай өнімдерінің бағасын көтергендер жазаланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет Басшысы мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің бағаларын 180 күн мерзімге мемлекеттік реттеуді енгізуді тапсырған.

Осы тапсырманы орындау аясында, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы 2022 жылғы 6 қаңтарда №2 бұйрық қабылдаған болатын (http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200026388):

-Аи-80 маркалы бензин;      

-Аи-92 маркалы бензин;

-Аи-93 маркалы бензин;

-Аи-95 маркалы бензин;

- дизель отыны.

Осы негізде өңірлер бойынша дизель отынының бағасы ерекшеленеді, мәселен, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында дизель отынының литрінің бағасы-260 теңгені, ал Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында-230 теңге. Мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек бағаларына мониторинг жүргізу Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне бекітілген - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Бұл ретте, мұнай өнімдеріне шекті бағаларды асырмау жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің (ТМРК) лауазымды адамдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құзыретті.

Осыған байланысты, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауы және мұнай өнімдерін белгіленген шектерден жоғары сатуға жол бермеуі тиіс, бұндай жағдай Қарағанды облысында орын алды.

Қарағанды қаласының Ермеков көшесі, 94/3 мекенжайында орналасқан «Қарағанды терминал Мұнай» ЖШС-ның май құю станциясында дизель отынының (жазғы) бағасын литріне 230 теңгеден 275 теңгеге дейін шекті бағасынан асырып сатқан фактісі анықталды.

Осылайша, Қарағанды облысы бойынша ТМРКД-ы «Қарағанды Терминал Мұнай» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 171-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады, ол Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарау үшін жіберілді.

Тұтынушылар, өз кезегінде, мұнай өнімдері бағасының асып кету фактілері анықталған кезде субъектілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту және белгіленген шекті деңгейге бағаларды қайтару үшін Энергетика министрлігіне және ТМРК-ға дереу жүгінуге мүмкіндігі бар.

Бағаны көтеру фактілері бойынша тұтынушылар ТМРК-ның аумақтық департаменттеріне төменде көрсетілген телефондар арқылы хабарлай алады:

-Нұр-сұлтан қаласы: (87172) 95-36-04;

- Алматы қаласы: (87272) 72-14-01;

- Шымкент қаласы: (87252) 32-15-04;

- Алматы облысы: (87282) 24-27-40;

- Атырау облысы: (87122) 21-10-42;

- Ақмола облысы: (87162) 50-43-27;

- Ақтөбе облысы: (87132) 74-30-64;

-Шығыс Қазақстан облысы: (87232) 61-41-24;

- Жамбыл облысы: (87262) 43-18-75;

-Батыс Қазақстан облысы: (87112) 24-06-47;

- Қарағанды облысы: (87212) 42-51-96;

- Қостанай облысы: (87142) 53-52-40;

- Қызылорда облысы: (87242) 27-21-86;

- Маңғыстау облысы: (87292) 43-42-27;

- Павлодар облысы: (87182) 78-70-97;

-Солтүстік Қазақстан облысы: (87152) 61-82-81;

- Түркістан облысы: (87253) 35-75-51.

Бұдан басқа, мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын нарық субъектілері монополияға қарсы заңнаманы бұзбауға, атап айтқанда жекелеген тұтынушыларға тауарды өткізуден негізсіз бас тарту бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалануға жол бермеуге тиіс.

Нарық субъектілері өздерінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдаланған жағдайда, тұтынушылар Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне де жүгіне алады.

Өзгелердің жаңалығы