Мейірім Нұрсұлтанов 18-ші жеңісін қанжығасына байлады

2 Қазан 2022, 14:23
1354
Бөлісу:
Мейірім Нұрсұлтанов 18-ші жеңісін қанжығасына байлады

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов проф рингте кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сілтеме жасап.

Қазақ былғары қолғап шебері Мейірім Нұрсұлтановтың рекорды - 18 жеңіс әрі шаршы алаңда бірде-бір рет жеңіліп көрмеген.

Ол барлық жекпе-жектерінің 10-ын нокаутпен аяқтаған.

Жерлесіміз Люблиндегі (Польша) бокс кешінде өнер көрсетіп, аргентиналық Марсело Косереспен (31-5-1, 17 КО) жұдырықтасқан болатын. Қазақстандық төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс Нұрсұлтановқа орта салмақтағы WBO International титулын қорғауға мүмкіндік берді.

Өзгелердің жаңалығы