Мемлекеттік сатып алу процесі толығымен цифрландырылады

20 Мамыр 2022, 16:13
1276
Бөлісу:
Мемлекеттік сатып алу процесі толығымен цифрландырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік сатып алу процесі толық цифрландырылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлімдеді. 

Бизнес-процестерді автоматтандыру арқылы мемлекеттік сатып алудың барынша ашықтығы мен айқындығы қамтамасыз етілді. Мемлекеттік сатып алулардың 100%-ы және олардың жоспарлаудан бастап, төлемге дейін рәсімдері электронды форматқа ауыстырылды, - деді Қаржы вице-министрі.

Сонымен қатар камералдық бақылау енгізілді, ол тексеру объектісіне бармай-ақ онлайн-режимде жүзеге асырылады. 

Сондай-ақ құқық қорғау органдарына толық қолжетімділік қамтамасыз етілді. Толық автоматтандыру қоғамның мемлекеттік сатып алудың барлық рәсімдеріне, оның ішінде шағымдану және бақылау процесіне қол жеткізуіне жол ашты, - деп түсіндірді Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл брифингте.

Оның мәліметінше, 2021 жылғы 15 қарашада мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша бір көзден тікелей шарт жасасудың 4 негізін қысқартуды көздейтін заң қабылданды. Сатып алуды бәсекелестік тәсілдермен басым жүзеге асыру туралы талап белгіленген, сондай-ақ тапсырыс берушінің бірінші басшыларының бір көзден сатып алуды жүзеге асырғаны үшін жауапкершілігі көзделген.

Өзгелердің жаңалығы