Мемлекет басшысы осы аптада қайда барады

13 Маусым 2022, 10:07
1714
Бөлісу:
Мемлекет басшысы осы аптада қайда барады

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Маусымның 16-ы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығында өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Маусымның 17-і күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Петербор халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына қатысады. 

Мемлекет басшысы Форумның пленарлық отырысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған. 

19 маусымда Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің шақыруымен Иранға ресми сапармен барады. Тегеранда жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізу және бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қою жоспарланып отыр. 

Мемлекет басшысын Петербор халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына биыл ақпан айында РФ Президенті арнайы шақырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы