Мектеп формасын сатып алу үшін ақшаны ата-ана шотына аудара бастадық - министр

1 Қазан 2022, 16:00
925
Бөлісу:
Мектеп формасын сатып алу үшін ақшаны ата-ана шотына аудара бастадық - министр

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Хабар 24» арнасының «Бетпе-бет» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ведомство басшысы оқу жылы басталарда жыл сайын туындайтын мектеп формасына қатысты пікір білдірді.

Бес санатқа жататын балалар бар. Биыл олардың саны 475 мың оқушыны құрады. Осы оқушыларды біз бюджет тарапынан қосымша қаражат беріп, оларға көмек беруіміз керек. Тиісті сатып алу рәсімдерін өткізген соң балаларға берілетін. Жүйенің кемшіліктері: өлшемінің сай келмеуі, түсі дұрыс болмайды, мектептегі бүкіл балаға бірдей түсті киім берген соң кей балалар оны киюге ұялатын. Сондықтан біз биылдан бастап мемлекеттің беретін қаражатын ата-ананың жеке картасына аудару туралы шешім қабылдадық.  Ата-ана сол 37 мың теңгені қалаған жерінен, қандай өлшем мен сапаны қалайды, соны сатып алатындай жағдай жасадық, - деді министр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің бас ұстазы «Жайлы мектеп» жобасы туралы айтқан болатын. Аталған жоба мектептердегі әлімжеттік мәселесін жояды деді министр.

Өзгелердің жаңалығы