Мәсімов ісі «өте құпия» түрде тергеліп жатыр

27 Қаңтар 2022, 15:49
1578
Бөлісу:
Мәсімов ісі «өте құпия» түрде тергеліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық іс «өте құпия» деген санатпен тергеліп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді деп хабарлады Комитетте. 

Ол қылмыстық кодекстің мемлекетке опасыздық жасау, билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер, билікті асыра пайдалану баптары бойынша күдікке ілінген.

Еске сала кетейік, ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімовпен бірге, арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Ануар Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин тергеліп жатыр.

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 6 қаңтарда ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Тергеу сотының шешімімен 2 айға қамауға алынған.

К.Мәсімов пен Ә.Садықұловқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Д.Ерғожинге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылып жатыр, - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. 

Өзгелердің жаңалығы