Латвияда 2025 жылдан бастап барлық бала мемлекеттік тілде оқиды
14 Мамыр, 13:47 947

Латвияда 2025 жылдан бастап барлық бала мемлекеттік тілде оқиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Латвия билігі барлық студенттердің оқу процесін 2025 жылдан бастап тек латыш тіліне аудармақ. Бұл туралы сәрсенбіде елдің Білім және ғылым министрі Анита Мужниеце мәлімдеді, деп хабарлайды Delfi порталы.

Мен ертең-ақ таза парақтан бастағым келеді, бірақ министр ретінде мен үшін қабылданған шешімдердіңұзақ уақыт бойы өзекті болуы маңызды, – деді министр. 

Ол алдағы оқу жылында мұндай ауысу Конституциялық сотта іс қозғау қаупіне әкелуі мүмкін екенін, бұл процесті кешіктіретінін, сондықтан өтпелі кезең қажет екенін айтты. Мужниецтің айтуынша, бұл кезеңде тек білім беру мекемелерімен ғана емес, елшіліктермен де келіссөздер жүргізу керек, өйткені Латвияның бірқатар елдерімен үкіметаралық келісімдер бар, сонымен қатар аз ұлттардың оқушыларының ата-аналарын даярлау керек.

24 мамырға дейін министрліктер тек қана мемлекеттік тілде оқытуға көшуді жүзеге асыру үшін нормативтік актілерге түзетулерді бекітуі тиіс. Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, бірінші кезеңде жаңа оқу бағдарламасына 1, 4 және 7-сынып оқушылары, содан кейін 2, 5 және 8-сынып оқушылары өтеді, ал 2025-2026 оқу жылында барлық балалар мемлекеттік тілде оқитын болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...