Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапкершілікке тартылды

2 Шілде 2022, 15:20
1158
Бөлісу:
Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда аумағында ағымдағы жылдың 27 маусымынан 04 шілдесіне дейін заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу мақсатында «Нелегал – 2022» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. 

Полиция қызметкерлері шетелдік азаматтардың заңсыз болуы мүмкін жерлерді: қонақүйлерді, жатақханаларды, құрылыс алаңдарын, базарларды, вокзалдарды, өнеркәсіптік аймақтарды тексеруде.

Жедел-алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері елордалық гарнизонның қызметкерлері шетелдік азаматтардың болу ережесін бұзудың 736 фактісін анықтады. Шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін Қазақстанның 37 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Мәселен, ағымдағы жылдың 29 маусымында сағат 19.00-де «Сарыарқа» ауданы ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері жарнамамен айналысатын елордалық ЖШС-нің директоры болып табылатын 34 жастағы қала тұрғынын ұстады. 2021 жылдың қараша айынан бастап әйел өз ЖШС-інде 106 шетелдік азаматқа бір жыл мерзімге «менеджер» лауазымына жұмыс істеуге рұқсатты заңсыз рәсімдеген. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бері өз атынан 935 адамға шетел азаматтарының ҚР-на келуі туралы хабарлама келіп түсті.

Қазіргі уақытта заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдын алу іс-шарасын жүргізу кезінде елден 58 шетелдік шығарылды, қабылдау-тарату орнына 204 ТМД және алыс шетел азаматтары орналастырылды. Шекараны заңсыз кесіп өтудің 4 фактісі анықталды.

Өзгелердің жаңалығы