Кабулдағы білім ордасында жарылыс болып, 19 адам қаза тапты

1 Қазан 2022, 14:25
704
Бөлісу:
Кабулдағы білім ордасында жарылыс болып, 19 адам қаза тапты

Ауғанстан астанасында білім беру орталығында жарылыс болып, 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

СNN таратқан мәліметке сәйкес, Кабулдағы білім ордасындағы жарылысты жанкешті ұйымдастырған. Қаза болғандардың ішіндегілердің басым көпшілігі жас әйелдер екені анықталды.

Жарылыс ел астанасының Даште Барчи ауданындағы «Каадж» білім беру орталығында орын алған. 

 Студенттер оқиға болған сәтте университетке түсу емтиханын тапсырып жатқан. Қайғылы жағдайдан кем дегенде 19 адам қаза болып, 27 адам жарақат алған. 

Соңғы аптада Кабулда орын алған терактілер бірнеше ондаған адамның өмірін жалмады. 

 Бұған дейін осы қыркүйекте Ресей елшілігінің алдында жарылыс болып, алты адам құрбан болған еді. Тамызда кешкі намаз уақытында мешіт жарылып, 21 адам қайтыс болып, 33 адам жарақата алды.

Өзгелердің жаңалығы