Испанияда пойыз апатынан 85 адам зардап шекті

17 Мамыр 2022, 22:15
1029
Бөлісу:
Испанияда пойыз апатынан 85 адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияда 2 пойыз соқтығысып, 85 жолаушы жарақат алды. Олардың екеуі ауыр халде жатыр, деп жазды «Хабар 24». 

Бір пойыз жүргізушісі көз жұмды. Оқиға Барселона қаласынан 15 шақырымдай жерде Сан-Бой-де-Льобрегат станциясы маңында болды. Темір жолмен келе жатқан жүк пойызы рельстен шығып кетіп, аялдамадан енді шығып бара жатқан жолаушылар пойызын барып соққан. 

Салдарынын 18 вагон рельстен шығып кетіп, жолаушылар пойызының жүргізушісі тіл тартпай кетті. Әзірге апаттың себептері белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
 

Өзгелердің жаңалығы