Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Astana Finance Days жиынына қатысты

28 Маусым 2022, 14:50
1110
Бөлісу:
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Astana Finance Days жиынына қатысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Динара Щеглова Astana Finance Days халықаралық конференциясы аясында өткен «Индустрия 4.0 технологияларын әзірлеу және енгізу» панельдік сессиясында IT шешімдер мен цифрлы технологияларды қолданатын өндірістік кәсіпорындарды қолдауға бағытталған шаралар туралы айтты.

Бұл туралы  ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Вице-министрдің айтуынша, өнеркәсіпті цифрландыру кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін арттырып, нарықта сұранысқа кеңінен ие болмақ. Осыған орай, бүгінде отандық өнеркәсіп саласына цифрлы трансформация жүргізу үдерісін жылдамдату үшін мемлекет тарапынан жүйелі қолдау көрсетілуде.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Astana Finance Days жиынына қатысты

Атап айтқанда, цифрлы шешімдерді, соның ішінде Индустрия 4.0 элементтерін енгізген өндіріс орындарын субсидиялау механизмі енгізілген және заманауи технологиялық құрал-жабдықтарды жаңғырту мен өндірістік процестерді жетілдіруге бағытталған өнеркәсіптік гранттар мен салықтық жеңілдіктер қарастырылған.

2025 жылға қарай елімізде цифрлы технологияларды қолданатын ірі және орта кәсіпорындардың үлесін 23 пайызға дейін арттыру жоспарлануда. Өз кезегінде аталған шаралар мен бастамалар отандық өнеркәсіп саласындағы цифрландыру процесін жылдамдатып, қазақстандық IT-компанияларға қолайлы жағдайлар туғызады,– деп атап өтті Д. Щеглова.

Сонымен қатар ол өз сөзінде кәсіби құзіреттілікті арттыру мен қажетті мамандар даярлау турасында да айтты. Вице-министрдің пайымдауынша, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында заманауи еңбек нарығында да айтарлықтай өзгерістер орын алмақ. Осыған орай жыл сайын кәсіпорындардың топ-менеджерлері мен қызметкерлеріне «Индустрия 4.0» және жаңа технологияларды енгізудің тиімділігі тақырыптарында біліктілікті жетілдіру курстары өткізілуде. Бұдан бөлек, «Жаңа мамандықтар мен құзіреттер атласы» аясында қазақстандық жоғары оқу орындарымен өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған жаңа мамандар даярлау бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы