Халықаралық бағдарламалар орталығына жаңа төраға тағайындалды

24 Қаңтар 2022, 13:31
1402
Бөлісу:
Халықаралық бағдарламалар орталығына жаңа төраға тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі әнуар жанғозин халықаралық бағдарламалар орталығы басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

Әнуар Жанғозин «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы болып тағайындалды. 

Ол 1986 жылы дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Математика» мамандығы бойынша және «Назарбаев университетінің» магистратурасында «Білім беруді басқару» мамандығы бойынша білім алған. 

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. 

2008-2011 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» әдістемелік процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2011 жылдан 2016 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» математика пәнінің мұғалімі, директор қызметін атқарған. 2017-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы болды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Естеріңізде болса, бұған дейін "Болашақ" ХБО-ны басқарған Айнұр Кәрібозова өз еркімен қызметінен кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы