Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері коронавирус жұқтырып алды
20 Қаңтар, 22:57 646

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері коронавирус жұқтырып алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан футбол федерациясы Еуропа чемпионаты қарсаңында ұлттық құрама мүшелерінің коронавирус жұқтыруына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Нидерланд еліне сапар алдында бірнеше күн бұрын футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылары Игита, Дәурен Тұрсағұлов және Арнольд Кнауб, сонымен қатар бас бапкер Рикардо Кака COVID-19 оң сынағын тапсырды. Үш күннен соң Игита мен Дәурен Тұрсағұловтың тапсырған тесттері теріс нәтиже көрсетті. Олар жақын арада Нидерландыда команданың қатарына қосылады. Өкінішке қарай, Кака мен Кнауб әлі де карантинде жатыр. Олар Еуропа чемпионатында Словениямен өтетін алғашқы ойынға қатыса алмайды. Матч бейсенбі, 20 қаңтар күні елорда уақытымен 22:30-да басталады. Команданы ойынға бас бапкердің көмекшісі Сергей Коридзе дайындайды, – делінген мәлімдемеде.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...