Футзалдан Қазақстан құрамасы Финляндияны ірі есеппен ұтты

25 Қаңтар 2022, 06:58
1066
Бөлісу:
Футзалдан Қазақстан құрамасы Финляндияны ірі есеппен ұтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футзалдан Нидерландыда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы өз қарсыласын ірі есеппен жеңді.

B тобында Финляндияға қарсы кездескен  жерлестеріміз қарсылас қақпасына 6 гол соқты. Алайда Кака шәкірттеріне екінші тайм ортасына дейін 1:2 есебімен есе жіберіп жатқан еді. Құрама сапынан капитан Игита таразы басын теңестіріп, Арноль Кнауб дубль жасады. Сондай-ақ Финляндия қақпасына 5-ші голды Біржан Оразов салды. Ал ойын нүктесін Азат Валиуллин қойды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 4 ұпаймен өз тобында көш бастады. Топтағы Италия мен Словения құрамасы арасындағы матч тең түсті.

Еске салайық, соңғы матчты ұлттық құрама Италиямен өткізеді. Финляндия Словениямен кездеспек.


 


 

Өзгелердің жаңалығы