Футзалдан Еуропа чемпионаты: Испания мен Грузия жеңіске жетті
23 Қаңтар, 15:06 794

Футзалдан Еуропа чемпионаты: Испания мен Грузия жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысы топтық кезеңіндегі төртінші ойын күнінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Айта кетсек, 21 қаңтарда D тобындағы құрамалар сынға түсті. Бұл күні Испания Босния және Герцоговинаны 5:1, Грузия Әзербайжанды 3:2 есебімен тізе бүктірді. 

Енді аталған топта 26 қаңтарда Босния және Герцоговина мен Грузия, Испания мен Әзербайжан құрамалары шеберлік байқасады. 

Сондай-ақ бүгін А тобында алғашқы тур ойындары өткізіледі. Аталған топта Сербия мен Украина, Португалия мен Нидерланды құрамалары сынға түседі. 

Еске салсақ, В тобында ойнайтын Қазақстан бірінші турда Словениямен 4:4, Италия мен Финляндия 3:3 есебімен тең түсті. 

Екінші турда 24 қаңтарда Италия мен Словения, Қазақстан мен Финляндия алаңға шығады. 

Айта кетсек, турнир Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында 19 қаңтар және 6 ақпан күндері өткізіледі.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...