Францияда Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

6 Маусым 2022, 08:18
1038
Бөлісу:
Францияда Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Францияда Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр. Жиынға Еуропалық Одақ аймағында тұратын қандастарымыз бен Түркия және Қазақстаннан делегациялар қатысты. Пандемиядан кейін алғаш өтіп жатқан елеулі шараға мыңға жуық адам жиналды.

Еуропалық қазақтар үшін құрылтай - ерекше маңызды іс-шара. Себебі, жырақта жүрген қандастарымыздың басын қосатын мұндай жиындардың мақсаты - ұлтымыздың төл мәдениетін сақтап, ұлықтау. Құрылтайдағы елеулі іс-шаралардың бірі - футбол турнирі. Додаға түрлі елден 13 команда жиналған.

Отандастар қорының мәліметіне қарағанда, қазір тарихи отаннан жырақта жүрген қазақтардың саны 8 миллионнан асады. Қандастарымыздың Қазақстанмен мәдени байланысы жемісті дамып келеді. Енді әлемнің әр еліндегі қазақ диаспораларының ынтымақтастығын нығайту көзделіп отыр. 

Өзгелердің жаңалығы