ЕҚЫҰ жанындағы британдық делегация Қазақстандағы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады

25 Қаңтар 2022, 11:16
1334
Бөлісу:
ЕҚЫҰ жанындағы британдық делегация Қазақстандағы оқиғаларға қатысты  мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияның ЕҚЫҰ жанындағы елшісі Қазақстан билігін «қаңтар трагедиясы» оқиғаларын тиімді және ашық тергеуді қамтамасыз етуге шақырды.

Ұлыбританияның ЕҚЫҰ жанындағы миссиясы 2022 жылғы 20 қаңтарда Венада өткен Ұйымның тұрақты кеңесінің отырысында Қазақстандағы жағдайға қатысты  мәлімдемені жариялады. 

Жақын дос ретінде біз соңғы апталарда Қазақстан халқы душар болған болған қайғылы оқиғаларға қатты алаңдаймыз. Зорлық-зомбылық салдарынан адамдардың қаза болғанына қатты өкінеміз және қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Біз зорлық-зомбылық пен мүлікті жою әрекеттерін айыптаймыз. Алматы мен басқа да қалалардағы өмірдің қалпына келе жатқанына көңіліміз толды, - деді Ұлыбританияның ЕҚЫҰ-дағы тұрақты өкілі, елші Нил Буш.

Британдық делегация Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық алдында сөйлеген сөзінде бейбіт шерушілер мен Алматыдағы және басқа қалалардағы бейбіт шерулерді өз қолына алған «ұйымдасқан қылмыстық элементтер» арасындағы нақты айырмашылықты атап өткенін құптады. 

Бұл соңғы топтың «конституциялық билікті құлатуды көздегені анық» деп атап өткен дипломат бұл «жан-жақты тергеуді қажет ететін мәселе» екенін баса айтты.

Біз Қазақстан Президентінің бұрын-соңды болмаған оқиғалар мен өлімге не себеп болғанын анықтау үшін тергеу комиссиясын құру туралы шешімін құптаймыз. Біз Қазақстан билігінің бұл тергеудің тиімді әрі ашық болуын және Қазақстан халқының сеніміне ие болуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесін қолдаймыз, - делінген елші мәлімдемесінде.

Қазақстандық биліктің адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін сақтауға деген берік міндеттемесіне кепілдіктері және барлық ұсталған үшін заң үстемдігі қағидаттарына сәйкес тиісті құқықтық рәсімді қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.

Президент Тоқаевтың 11 қаңтарда Қазақстан Парламентінде бейбіт шерушілердің негізгі талаптарына жауап ретінде экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалар жоспары туралы сөйлеген сөзінің мәтінінде британдық дипломат олардың жүзеге асырылуына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. 

Елші Н.Буш екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығында қалыптасқан берік әріптестікке тоқтала отырып, Лондон Қазақстандағы соңғы қайғылы оқиғаларға қатысты  оның халқының арман-тілектерін қанағаттандыруға бағытталған реформаларды жалғастыруда қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті. Сондай-ақ қауіпсіздік пен өркендеуді қамтамасыз ету де тысқары қалмайды. 

Өзгелердің жаңалығы