Енді несие тарихы нашар азаматтардан ставка қабылдауға тыйым салынуы мүмкін

20 Мамыр 2022, 11:51
1278
Бөлісу:
Енді несие тарихы нашар азаматтардан ставка қабылдауға тыйым салынуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта өткен парламенттік тыңдауда Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жастардың арасындағы құмар ойындар мен есірткі мәселесін көтерді.

Жастардың құмар ойындары мен есірткіге тәуелділіктің құрбаны болатын жағдайлары аз емес. Сондықтан бүгінде жастарды осы зиянды дерттен қорғау мәселесі күн тәртібінде тұр. Бүгінгі күні уәкілетті органдар заңнамада белгіленген тәртіппен тыйым салынған интернет-казиноларды анықтап, бұғаттау жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп айтты Тоғжанов.

Оның сөзінше, жыл басынан бері интернет-казино қызметінің 350-ден аса фактісі анықталды. 

Ералы Тоғжанов азаматтарды құмар ойындардың теріс әсерінен қорғау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жоспары әзірленіп жатқанына назар аударды. 

Сондай-ақ онлайн-казиноға қарсы күрес бағытында заңнамалық түзетулер жобасы қолға алында. Атап айтқанда, интернет-казино ұйымдастырушылары тізбесін жүргізу, казиноларға, ойын автоматтары залдарына кредит карталары арқылы төлемдер жасауға тыйым салу, кредит тарихы теріс тұлғалардан ставка қабылдауға тыйым салу, интернет-казино ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу қарастырылып жатыр, - деп түсіндірді Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Сенатта.

Өзгелердің жаңалығы