Елордада «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

27 Қаңтар 2022, 15:33
1090
Бөлісу:
Елордада «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті елорда аумағында 24-30 қаңтар аралығында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы аталған іс шара аясында Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің жеке құрамы «Жаннұр» сауда үйінде әлеуметтік бюро өткізді. Ондағы мақсат халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тұрмыстық қылмыстардың алдын алу және болдырмау болып саналады.

24-30 қаңтар аралығында елорда аумағында «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған кез келген адам 102 нөміріне хабарласуына болады. Сол сияқты осындай жағдайдың куәгері болсаңыз аудандық полиция басқармаларында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау топтарының сенім телефондарына хабарласа аласыздар. Сіздің қоңырауыңыз басқа бір адамның өмірі мен денсаулығына араша түсуі әбден мүмкін, - дейді Нұр-Сұлтан қаласы ПД ӘЗЗҚ тобының аға инспекторы Гүлмира Шрахметова.

Сауда үйіне келушілер тек сауда жасап ғана емес, сонымен қатар құқықтық көмек алып, тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алған жағдайда әрекет етудің алгоритмімен де танысты.

Келушілерге брошюралар мен буклеттер таратылды. Тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарға өкілетті орган мамандары жауап берді.

 

Өзгелердің жаңалығы