Елордада солтүстік айналма жол учаскесі уақытша жабылды

25 Мамыр 2022, 13:48
1095
Бөлісу:
Елордада солтүстік айналма жол учаскесі уақытша жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының солтүстік-батыс айналма жолының учаскесінде жөндеу жұмыстарына байланысты автокөліктердің қозғалысы уақытша жабылды, деп хабарлады қалалық ПД.

Полиция департаменті транзиттік көлік пен жүк көлігінің жүргізушілеріне үлкен айналма жол учаскесі арқылы рұқсат етілген бағыттарды көрсететін ақпараттық тақталарды басшылыққа алуды ұсынады.

Сондай-ақ, «Өндіріс» тұрғын үй массивінің жолдарында апаттық жағдайларды және кептелістердің пайда болуын болдырмау мақсатында «Сергек» АӨК орнату арқылы жүк көлігінің қозғалысы шектелді.

Тәртіп сақшылары екі жолақты жолдар жүк көлігі тасымалының қарқынды жүруіне арналмағанын еске салады.

Бұдан басқа, халқы 32 мыңнан асатын «Өндіріс» тұрғын алабы өнеркәсіптік аймақ болып табылмайды. Транзиттік көлік санының көптігіне байланысты тұрғындардан массив аумағындағы жол қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша қала және аудан әкімдігіне тұрақты түрде шағымдар келіп түсуде. Осы жылдың мамыр айында Сусамыр көшесінде «газель» автокөлігімен баланы қағып кеткен, оқиға орнында алған жарақаттары салдарынан жас бала қайтыс болды, - делінген ақпаратта.

Қаламен байланыстыратын негізгі екі жолақты жол Малахов көшесі болып табылады, онда Республикалық маңызы бар үш теміржол өткелі орналасқан, онда көлік жүктемесінің деңгейі рұқсат етілген нормалардан асады.

Жол жүрісі қағидаларына 1-қосымшаның 3-бөлімінің талаптарына сәйкес «Жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салынады» 3.4 жол белгісінің күші белгіленген аймақта орналасқан кәсіпорындарға, сондай-ақ азаматтарға қызмет көрсететін немесе белгіленген аймақта тұратын немесе жұмыс істейтін азаматтарға тиесілі көлік құралдарына қолданылмайды. 

Сондай-ақ, аталған тұрғын үй алабының тіршілігін қамтамасыз ету үшін жүк көлігінің қозғалысы көзделген. 

Бұл шаралар уақытша болып табылады және айналма жолдағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жол қозғалысын ұйымдастыру өзгертіледі.

Елордалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы жүк көліктерінің жүргізушілерінен аталған өзгерістерді назарға алуды және түсіністікпен қарауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы