Елордада көктемгі экологиялық айлықтың қорытындысы шығарылды

19 Мамыр 2022, 17:15
1574
Бөлісу:
Елордада көктемгі экологиялық айлықтың қорытындысы шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада аумақты тазалау және ағаш отырғызу бойынша "Birge – taza Qazaqstan" көктемгі экологиялық айлығы аяқталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Эко-айлық аясында 2 жалпықалалық (16 және 23 сәуір) және 2 коммуналдық сенбілік (30 сәуір және 14 мамыр) өткізілді. Оған 160 450 адам, 11 288 кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер қатысты. 1 429 арнайы техника жұмылдырылды.

Елорданың ҚТҚ полигондарына 3 647,54 тонна қалдық шығарылды.

Жалпы ауданы 2,7 млн м2 астам саябақтар мен гүлзарлар тазартылды.

Коммуналдық қызметтермен және мердігерлік ұйымдармен келесі жұмыстар жүргізілді:

- рұқсат етілмеген стихиялық үйінділерді жою;
- жасыл желектерді отырғызу;
- кварталішілік абаттандыру, балалардың ойын және спорт алаңдарын жабдықтау, төселген тастарды, жиектастарды, шағын сәулет нысандарын және т. б. қалпына келтіру.;
- инженерлік желілер мен коммуникацияларда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде абаттандырудың бұзылуын жою;
- конструкцияларды, көпірлер мен жол өтпелерінің қоршауларын жуу, аялдамалардағы павильондарды ағымдағы жөндеу және тазалау;
- жол төсемінің зақымданған учаскелерін және жаяу жүргіншілер өткелдерін ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу;
- ҚТҚ арналған контейнерлер мен контейнерлерлік алаңдарды санитарлық тазалау;
- кабель желілерін сәйкестендіру, көше және саябақ жарықтарын бояу және жуу.

Сонымен қатар айлық аясында 27 мыңға жуық жасыл желек отырғызылды.

Айлыққа тұрғындар, еріктілер, эко-белсенділер, ПИК және МИБ ұжымдары, шағын және орта бизнес субъектілері және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белсенді қатысты.

Өзгелердің жаңалығы