Елорда полицейлері «Абай күнін» атап өтті

10 Тамыз 2022, 13:20
1255
Бөлісу:
Елорда  полицейлері «Абай күнін» атап өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ұлы Абайдың 177 жылдығына арналған бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз еліміздің мерекелік күнтізбесіне  «Абай күні» болып бекітілді. 

Осыған орай, Департаментте Абайдың асыл мұрасын насихаттайтын «Тұлғаға тағзым» атты кітап көрмесі қойылды. Көрме барысында жас қызметкерлер ғұлама ақынның, абайтанушылардың, зерттеушілірдің еңбектерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. 

 

Елорда  полицейлері «Абай күнін» атап өтті

Сондай-ақ, Департаменттің ведомствалық музей басшысы, тарих ғылымдарының магистрі Шынар Нұржанқызы Уайсова жеке құрам арасында Абай Құнанбайұлының өмірін насихаттау, ақынның шығармашылығы арқылы мақтаныш сезімін, патриоттық рухты тәрбиелеу бойынша дәріс өткізді.  Дәрістің мақсаты – Ұлы Абай мұрасының қазақ руханиятында алар орны, ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы мен оның құндылығы, ұлттық идеологияны қалыптастырудағы рөлі жөнінде кеңінен ақпарат беру, сол арқылы тәртіп сақшыларының патриоттық, ерлік, жігерлік сезімдерін нығайту болып табылады. 

Елорда  полицейлері «Абай күнін» атап өтті

Іс-шара барысында полицейлер ғұлама ақынның шығармашылық мұрасымен, абайтанушылардың зерттеулерімен тереңірек танысып, күнделікті қарбалас жұмыстарынан бір уақыт алшақтап, пайдалы мағлұмат алды.

Өзгелердің жаңалығы