«Елорда кубогы» республикалық турнирі өтті

27 Маусым 2022, 14:22
1863
Бөлісу:
«Елорда кубогы» республикалық турнирі өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25-26 маусым күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы "Аспан" спорт кешенінде киокусинкай-шинкиокушинкай қалалық каратэ федерациясының 30 жылдығына арналған  балалар, жасөспірімдер, жасөспірімдер және ардагерлер арасындағы «Елорда кубогы» республикалық турнирі өтті.

Жарыстың ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жылқыбаев Самат Сәбитұлы, Нұр-Сұлтан қалалық каратэ Шинкиокушинкай Федерациясының президенті, қала әкімінің орынбасары Нұркенов Нұрлан Жанбыршыұлы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

«Елорда кубогы» республикалық турнирі өтті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің атынан қала күні аясында өтіп жатқан Шинкиокушинкайдан  Республикалық турнирінің ашылу салтанатымен құттықтаймын. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спорт қаламызда қарқынды дамуда.  Солардың бірегейі Шинкиокушинкай каратэ спорт түрі. Елімізде осы спорт түрі бойынша республикалық турнирінің өтуі соның бір дәлелі десем де болады. Жарысты ұйымдастыруға ат салысқан әрбір азаматқа қалалық әкімдік атынан  алғысымды білдіремін. Ең мықтылар бүгін жеңіске жетсін!, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары  Нұрлан Нұркенов.

«Елорда кубогы» республикалық турнирі өтті

Турнирдің марапаттау рәсімінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов  Киокусинкай-Шинкиокушинкай каратэ федерациясының 30 жылдығына орай спортшыларға арнай естелік сыйлықтар, медальдар, демеушілерге, құрметті қонақтарға, сондай-ақ Шинкиокушинкай каратэ-нің дамуына үлкен үлес қосқан жаттықтырушыларға алғыс хаттар табысталып, төсбелгілермен марапатталды.

«Елорда кубогы» республикалық турнирі өтті

Аталмыш турнирге 500 ден астам Қазақстанның барлық облыстарымен қалаларынан спортшылар қатысты.

Сондай-ақ, республикалық турнир аясында Шинкиокушинкайдың ката түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден астам каратэшілер қатысты.

Өзгелердің жаңалығы