Елорда аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр

10 Тамыз 2022, 16:41
1400
Бөлісу:
Елорда аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр
PHOTO

Халықпен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында ағымдағы жылдың 08 тамызы мен 08 қыркүйегі аралығында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, өткізіліп жатқан іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздерінің бекітілген әкімшілік аумағындағы тұрғындармен танысу, тұрғындардың арасында болған әртүрлі құқық бұзушылықтарды анықтау үшін тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлер тексерілуде. Сонымен қатар, күн сайын учаскелік инспекторлар тұрғындардың чаттарында профилактикалық ақпарат орналастырады. Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған тұлғалар тексеріліп, олармен алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Елорда аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр

Сонымен қатар, іс-шара кезінде жалға берілетін пәтерлер, азаматтық қару иелері, базарлар мен өзге сауда жасау орындары, саяжайлар мен шаруа қожалықтары, құрылысы тоқтатылған немесе қараусыз қалған нысандар тексерілуде. Тексеру барысында тіркелмеген қарулар мен тыйым салынған заттарды сақтағандарды анықтау, тұрғылықты мекен-жайлары жоқ адамдар, адамдарды заңсыз жұмысқа пайдалану, шетелдік азаматтардың көшіп-қону заңнамасын бұзу фактілері назарда болады. Осы іс-шараның тиімділігі тұрғындар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудағы түрлі сұрақтардың оң шешімін табуға бағытталады.

Елорда аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 1139 аумақ бойынша аралау жұмыстары жүргізілді, оның ішінде жалға берілетін 357 пәтер, 52 қараусыз қалған үй, 164 саяжай, 242 қару иелері және ішкі істер органдарының есебінде тұрған 324 азамат тексерілді.

Елорда аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері бір тәуліктің ішінде 583 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесті.

Өзгелердің жаңалығы