Елімізге қандай биологиялық қауіп төніп тұр?

18 Мамыр 2022, 11:51
2070
Бөлісу:
Елімізге қандай биологиялық қауіп төніп тұр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Ковид пандемиясы кезеңінде денсаулық сақтау жүйесінің барлық оңсыз тәжірибесін ескере отырып, біз эпидемиологиялық қауіп-қатерді болжамдау мен алдын алудың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыруға бағытталған шараларды күшейтеміз. Мемлекет Басшысының тапсырмасын іске асыру аясында «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заңының жобасы әзірленді. 2022 жылғы 28 сәуірде аталған заң жобасын ҚР Парламентінің Сенаты қабылдады, - деді еліміздің бас дәрігері. 

Оның айтуынша, заң жобасы биологиялық қауіптерді ерте анықтау, алдын алу және профилактикасын мақсат тұтып отыр. Себебі елде бірнеше негізгі биологиялық қауіп бар. 

Ең алдымен, аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары таралған. Мысалы, оба 10 облыстың аумағында, туляремия 12 облыстың аумағында, геморрагиялық қызбалар 4 облыстың және Шымкент қаласының аумағында,1795-і күйдіргі бойынша стационарлық қолайсыз пункт болып саналады. Екіншіден, қауіпті инфекциялардың сырттан әкелінуі байқалады. Қазақстанның халықаралық туристік және іскерлік байланыстарды кеңейтуі нәтижесінде жыл сайын тырысқақтың әкеліну жағдайлары тіркеледі, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Үшінші, патогенді биоагенттермен жұмыс істеу кезінде талаптардың бұзылуы байқалады. 

Төртінші, төтенше жағдайлар мен терроризм актілерінің салдарынан жоғары қауіпті көздерге әсер етуі мүмкін. Себебі жер сілкінісі объектілердің бұзылуына және аса қауіпті патогендердің қоршаған ортаға түсуіне әкелуі ықтимал.

Бесінші, биологиялық қауіпсіздік саласында білікті кадрлардың жеткіліксіздігі бар. Заң жобасы бойынша биологиялық қатерге қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесі құрылады деп жоспарлануда. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2026 жылға дейін жыл сайын санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың 3 зертханасын жарақтандыру бойынша іс-шаралар көзделген. 2021 жылы 3 зертхана жабдықталған. Осы жылы тағы да 3 зертхана жабдықталады, - деді Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы