Еліміздің мектеп оқушылары дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды

23 Мамыр 2022, 15:00
1583
Бөлісу:
Еліміздің мектеп оқушылары дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқушыларымыз Дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 32 күміс және 21 қола.

Бұл туралы еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook - парақшасында жазды.

Еліміздің мектеп оқушылары дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды

Еліміздің құрамасы 3-орынға тұрақтап, үздік үштікке енді. Турнир кестесінде алтын және күміс медальдар саны бойынша Қазақстан 3-орында, ал қола медаль саны бойынша 5-орында. Оқушылар таеквондо, жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес, семсерлесу, көркем гимнастика, спорттық гимнастика, садақ ату, бокс, грек-рим күресі, әйелдер күресі және регби сияқты спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болды, – деді Аймағамбетов.

Еліміздің мектеп оқушылары дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды
Еліміздің мектеп оқушылары дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды

Сонымен бірге ұлттық құраманың басшылығы қатысушыларға тағы 2 алтын медальды қайтарып беру үшін апелляция берді. Оқушылар арасындағы Дүниежүзілік спорттық олимпиада Францияның Нормандия қаласында өткен болатын.

Балаларымыз Гимназиадаға алғаш рет қатысса да, ел намысын лайықты дәрежеде қорғап, жоғары нәтижелер көрсете білді. Олар әлемнің 70 елінен келген 3,5 мың оқушымен бақ сынасты. Оқушыларымызды әлемдік гимназиададағы жеңістерімен және жоғары жетістіктерімен құттықтаймын. Әрине, бұл жүлделер – дайындықтың, табандылықтың, еңбектің, тәртіп пен талпыныстың жемісі. Әуежайда сіздерге үлкен үміт артып, шығарып салған едік және сіздер оны ақтай білдіңіздер. Ұстаздарыңызға, жаттықтырушыларыңыз бен ата-аналарыңызға алғыс айтамын, – деп жазды министр.

Білім және ғылым министрлігі оқушылар арасында зияткерлік және спорттық олимпиадаларды дамыту жұмыстарын жалғастырады.

Өзгелердің жаңалығы