Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен бұрқасын болады

17 Қаңтар 2022, 08:00
1405
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен бұрқасын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазазақстан аймақтарында 2022 жылғы 17-ші қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.

Баренц теңізі аудандарынан белсенді циклон бұрынғысынша жаңбыр мен қар түрінде мол жауын – шашын әкеліп, ҚР басым бөлігінің ауа-райына, Қазақстанның оңтүстігінің таулы аудандарында қатты жауын-шашын әкеледі. Сондай-ақ, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады, түнде желдің күшеюі басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с болады. Алматы облысының таулы және тау бөктері аудандарында тұман, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында желдің күшеюі 18-23 м/с күтіледі. 

Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман, облыстың солтүстігі мен батысында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде басым бөлігінде, күндіз Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. 

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады, түнде облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын болады, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Түнде Павлодар облысының шығысында және орталығында күн жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түседі, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с, түнде солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м / с жел тұрады. 

Қызылорда облысының орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысының басым бөлігінде көктайғақ, солтүстікте және таулы аудандарда тұман, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

 

Өзгелердің жаңалығы