Елімізде сынама алатын зертхана құрылғылары ескірген

10 Тамыз 2022, 13:40
1515
Бөлісу:
Елімізде сынама алатын зертхана құрылғылары ескірген

«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК-ның әдіснама және нормалау департаментінің басшысы Алмат Орынғалиұлы еліміздегі өнімдерге сынама жасайтын зертханалардағы жабдықтар ескіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, қазір Қазақстан зертханаларының сынақ базасын жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. 

Еліміздегі зертханалардың көбі қазіргі заман талаптарына сай келмейді. Зертхана жабдықтарының 60 пайызы Ресейден алынған, оның 30 пайызы жұмыс істеп келе жатқанына 15 жылдан асқан. Тіптен, 1960-1970 жылдары шығарылған жабдықтар да бар. Қазіргі заман талабына сай келетін зертханалар өте аз. Сол себепті зертхана жабдықтарын жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр, – деді ол.

Сонымен қатар ол сынама жасайтын зертхана жабдықтарын жаңғырту өнім бағасының өсуіне көп әсер етпейтінін жеткізді.

Мәселен, сүттің сынамасын алатын зертхана жабдығын жаңарту өнім бағасының 2-3 есеге қымбаттауына әкелмейді. Жаьдықтарды жаңарту сынамаларды нақты жасауға әкеледі, – деді Алмат Орынғалиұлы.

Сондай-ақ ол бір облыста толыққанды зерттеу жасай алатын зертхана ашу үшін 1,5 млрд доллардан астам қаражат қажет болатынын жеткізді.

Біз сынама жүргізетін зертханалардың жұмысына араласпаймыз, тек оларға бағалау жүргіземіз. Бұл зертханалар халықтың сапалы өнім тұтынуына мүмкіндік береді және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы