Елімізде баспанаға мұқтаж қанша адам бар?

24 Мамыр 2022, 14:42
1428
Бөлісу:
Елімізде баспанаға мұқтаж қанша адам бар?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Нәлібаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Қазіргі таңда ел бойынша әкімдіктерге тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде 608 мың адам тұр. Оның ішінде әлеуметтік жағынан халықтың осал тобы – 242 мың, көпбалалы отбасылар 85 мыңнан астам, бюджеттік сала қызметкері 210 мыңнан астам адамды құрайды. Ата-анасының қамқорлығынан айырылған адам саны 60 мыңды құрап отыр, - деді ол. 

Нәлібаев атап өткендей, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында баспанамен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Несиелік, арендалық баспаналар салынып жатыр. Халықтың жекелеген санаттарын баспанамен қамтамасыз ету аясында Мемлекет басшысы тапсырма берді. «Отбасы» банк арқылы ақпараттық жүйе қалыптасты. Ол 18 сәуірден бастап жұмысына кірісті. Мемлекет пәтерлерді 50 пайыздық субсидиямен береді. Бұл бағытта нормативтік-құқықтық актілер бекітілді. Бюджетті нақтылау барысында қаражат қаралды. Оған көпбалалы отбасылар, мүгедектігі барлар, жетім балалар кіреді. Биыл оның аясында 70 мың азаматты баспанамен қамту жоспарда тұр. Бүгінде 3 мыңнан астам өтініш мақұлданды, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы