Министр: 67 су соратын қондырғы сатып аламыз

24 Мамыр 2022, 11:07
1309
Бөлісу:
Министр: 67 су соратын қондырғы сатып аламыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, вегетациялық кезеңге дайындық барысында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. 

Министрлік ішкі іс-шаралар шеңберінде мынадай жұмыстар жасауды қолға алды. Бірінші, трансшекаралық өзендер бассейндеріндегі 259 гидротехникалық құрылысты қалпына келтіру. Екінші, 535 шақырым магистральды және шаруашылықаралық каналдарды механикалық тазарту. Үшінші, 67 су сорғы қондырғыларын сатып алу және орнату. 24 мамырдағы жағдай бойынша 15 бірлік жеткізілді, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Белгілі болғандай, аталған жұмыстар маусым айының соңына дейін толығымен аяқталады.

Сонымен қатар министр елдің оңтүстік өңірлері бойынша қандай іс-шаралар жасалып жатқанына тоқталды. 

Алматы облысы бойынша су ресурстарының тапшылығын қысқарту мақсатында облыс әкімдігі ылғал сыйымды дақылдардың, оның ішінде Балқаш ауданында күріштің егістігін 1 мың гектарға азайтты. Облыстың барлық су қоймалары вегетациялық кезеңге бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді, - деді Серікқали Брекешев. 

Ал Жамбыл облысында мемлекетаралық пайдалану объектілері бойынша су беру кестелері бекітілді.

Сондай-ақ қазіргі уақытта облыс бойынша суару желілерін реконструкциялау бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Ведомство басшысы суармалы су беру айналма каналдар арқылы жүзеге асырылып жатқанын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы