ДДCҰ биыл Еуропа елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны артады деп болжап отыр

2 Шілде 2022, 15:53
2258
Бөлісу:
ДДCҰ  биыл Еуропа елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны артады деп болжап отыр
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы айда Еуропада коронавирусты жұқтырғандар саны үш есе өскен.

ДДҰ Еуропа бойынша аймақтық бюро директоры Ханс Клюге осылай деп мәлім етті.

Биыл жазда Еуропа елдерінде COVID-19 індеті арта түседі.

Ұйымның дерегінше, қазір Еуропаның 53 елінде күн сайын 500 мыңдай  адам коронавирусты жұқтырады.

Күнделікті өлім-жітім былтырғы жылмен сәйкес келіп отыр, яғни күніне 500-ге жуық адам қайтыс болады.

Еуропа елдері бұрынғы шектеулерді алып тастағандықтан, жазда вирустың таралу деңгейі  көтерілді. Елдер оны бақылауды тоқтатқандықтан вирус жойылмайды. Ол әлі де таралуда, әлі де өзгеруде және әлі де өмір сүріп жатыр, - деді Клюге мырза.

ДДҰ COVID-19-дың алдын алу бойынша ұсыныстарды күшінде қалдырады: ұйым уақтылы вакцинациялауға және қоғамдық орындарда бетперде тағу және аурудың белгілері бар адамдарды оқшаулануға шақырады.

Халықтың иммунитетінің жоғарылауы және егде жастағы адамдар үшін сақтық шаралары бойынша қабылданған тәртіптер осы жазда одан әрі өлімнің алдын алудың негізгі кілті болмақ , - деді Ханс Клюге.

Өзгелердің жаңалығы