Дәрігерлер құқығын қорғайтын заң жобасы әзірленді

18 Мамыр 2022, 12:47
1339
Бөлісу:
Дәрігерлер құқығын қорғайтын заң жобасы әзірленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді қамтамасыз ету мақсатында «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді және осы айда ҚР Парламентінің Мәжілісіне енгізілу жоспарлануда, - деп атап өтті министр. 

Оның айтуынша, заң бірнеше бағытты көздейді. 

Заң жобасы Қылмыстық кодекстің 317-бабының қылмыстық нормаларын ізгілендіру жөніндегі нормаларды көздеп отыр. Мұнда: айыппұл санкциялары жеңілдетілді; соттың қарауына бас бостандығын шектеу бойынша балама енгізе отырып, бас бостандығынан айыру мерзімдері қысқартылды. Медицина қызметкерлерінің кепілдіктеріне және әлеуметтік қолдауына, мәртебесін арттыруға қатысты нормаларды, яғни пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру мен біржолғы ынталандырушы төлемді төлей отырып, «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағын белгілеуді қарастырады, - деді Ажар Ғиният. 

Министрдің сөзінше, ел Президенті дәрігерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді. Оның бір дәлелі – дәрігерлердің мемлекеттік наградалармен марапатталуы. Мәселен, пандемияға дейін медицина қызметкерлері 2018 жылы 49 марапат алса, Мемлекет басшысы соңғы екі жыл ішінде медицина қызметкерлеріне 1 225 әртүрлі награданы табыс етті.

Өзгелердің жаңалығы