COVID-19. Елордада жыл басталғалы 72 мыңнан астам адам індет жұқтырған

27 Қаңтар 2022, 18:24
1205
Бөлісу:
COVID-19. Елордада жыл басталғалы 72 мыңнан астам адам індет жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада қаңтар айы басталғалы эпидемиологиялық жағдай аса күрделі болып қалуда. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. 

Оның айтуынша, тұрақтану үрдісіне қарамастан індет жұқтыру жағдайы жоғары деңгейде қалып отыр. Тәулігіне 2852 расталған жағдай тіркелген. 

Қаңтардың 27 күнінде 72 017 жағдай анықталды. Бұл еліміз бойынша жалпы тіркелген жағдайлардың 44,6%-ын құрайды. COVID-19 адамдардың денсаулығыңызға теріс әсер етеді. Әсіресе, вакцинация алмағандар үшін қауіпті. Вакцинациядан гөрі ауырған дұрыс деп санайтындар бар. Бұл дұрыс емес. Коронавирус инфекциясы – өте қауіпті ауру, - деді Сархат Бейсенова.

Елорданың бас санитарлық дәрігері постковидтік синдромның қауіптілігін де ескертті. 

Бізге белгілі постковидтік синдром туралы айтатын болсақ, ол үш айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Кейде ол аурудан соң 2-3 айдан кейін ғана дамиды. Ковидті жеңіл түрде қабылдады деген пациенттердің өзінде де иммунитет қатты зардап шегеді. «Омикрон» «дельта» штамына қарағанда жеті есе жұқпалы екенін ескере отырып, халықтың басым көпшілігінде иммунитет төмендейтінін түсіну керек, - деді ведомство өкілі.  

Дәрігер коронавирустан қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі – вакцинация мен ревакцинация деп отыр. Иммунизациядан басқа, алдын-алу шараларын ұстануды, бетперде кию, қашықтықты сақтау, қолдарын дезинфекциялау да маңызды.  

Өзгелердің жаңалығы