COVID-19. Әлемде 10 млрд-тан астам доза вакцина салынған

27 Қаңтар 2022, 13:51
1328
Бөлісу:
COVID-19. Әлемде 10 млрд-тан астам доза вакцина салынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирусқа қарсы салынған екпенің дозасы 10 млрд-тан асты. Олардың жартысынан көбі 2,98 млрд дозамен Қытайға тиесілі деп жазады ТАСС. 

Ал екінші орында 1,67 млрд дозамен Үндістан тұр. Індет өршіген АҚШ-та бұл мөлшер 0,54 млрд-қа жеткен. 

Қазіргі уақытта жер бетінің тұрғындары коронавирус инфекциясына қарсы 10,003 млрд доза екпе алған. Алайда осы орайда жаһанда қанша адам вакцинацияның толық курсын өткенін анықтау мүмкін болмай отыр. Себебі көптеген мемлекет ковидке қарсы вакцинаның сертификатталған дозасының саны мен жасалған екпе туралы ғана мәлімет береді. Ал кейбір елдерде ревакцинация процесі жүріп жатқанын ескерген жөн.  

Әлемде вакцинация қарқыны тағы да бәсеңдеді. Соңғы миллиард екпе 30 күн ішінде ғана жасалған.

Алты мемлекетте: БАӘ, Мальдив, Куба, Португалия, Камбоджа мен Сингапурда екпе алуға рұқсат етілген тұрғындардың 90%-дан астамы егілген.    

Өзгелердің жаңалығы