Былтыр ШҚО-да 35 мәдени нысан жөнделді

22 Қаңтар 2022, 18:10
1596
Бөлісу:
Былтыр ШҚО-да 35 мәдени нысан жөнделді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында елдің тарихи мұрасы мен мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға үлкен маңыз беріледі.

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Шығыс Қазақстанда археологиялық зерттеулер саласында үлкен жұмыстар атқарылды. Бірегей мұраларды еліміздің жетекші археологтары Зайнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев тапты. Археологиялық экспедициялар барысында алынған артефактілер облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорын толықтырып, 3 томдық «Шығыс Қазақстанның ежелгі дәуірі», «Қазақстан тарихы» монографияларын жазуға негіз болды.

Сонымен қатар, өткен жылы  Кембридж университетінде «Ұлы дала алтыны» атты ауқымды көрме өтті. Британдықтар Шығыс Қазақстан аумағындағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған 60 мың артефактімен таныс болды.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай Әлемі» жобасы жүзеге асырылуда. Ол жергілікті авторлардың 9 мың дана шығармаларын, сондай-ақ жас ақындар мен жазушылардың жинақтарын басып шығаруға бағытталып отыр. Бүгінде облыстың жас дарындарының үш жинағы жарық көрді.

Былтырғы жылы 35 мәдени нысанына  жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.  Жарма ауданының Әуезов кентінде Мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді.  Ұлан ауданының Бестерек ауылында мұражай-археологиялық кешеннің құрылысы аяқталуда. Өскеменде «Самал» саябағының аумағын жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.                

А. Пушкин атындағы кітапхана ғимаратының коворкнинг-орталығында жөндеу жұмыстары аяқталды. Семейде Ф. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейінде, бұрыңғы «Еңлік-Кебек» кинотеатрының ғимаратында және Қайнар ауылындағы Мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.  2021 жылы Абай ауданында туристік кластерді дамытуға ықпал ететін Қоңыр әулие үңгірі жөндеуден өтті. Катонқарағай, Үржар аудандарында ауыл клубтарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тарбағатай және Шемонаиха аудандарында ауылдық Мәдениет үйлері жаңартылды.

Сонымен қатар, Катонқарағай ауданының Топқайың ауылындағы Мәдениет үйі, Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылындағы Мәдениет үйі және Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылындағы мұражай-археологиялық кешені құрылысы жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы