Бүгін тек Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды

18 Мамыр 2022, 08:50
1207
Бөлісу:
Бүгін тек Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 мамыр күні Қазақстан аумағында қолайлы метеорологиялық жағдай болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Сәрсенбі күні тек Алматы қаласында жағымсыз метеожағдай орын алуы мүмкін. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы