БҚО-да үшем дүниеге келді

1 Шілде 2022, 09:55
1274
Бөлісу:
БҚО-да үшем дүниеге келді

БҚО, BAQ.KZ тілшісі. Орал қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта өмірге келген үшем мен олардың анасының денсаулығы жақсы, дәрігерлердің бақылауында. 

Сәбилер бір минут айырмашылықпен жарық дүние есігін ашқан. Салмақтары – 2600,  2400, 1900 келі.

Жәнібек ауылының тұрғыны, танымал қолөнер шебері Елдос Сағадатовтың отбасында дүниеге келген қыздардың есімі Әмина, Рәмина, Мәдина деп қойылған. 
 
Айта кетсек, Жәнібек ауданында үшем алғаш рет тіркеліп отыр. 

Өзгелердің жаңалығы