Биыл Қаратау ауданында 89 көшеге асфальт төселеді – Шымкент

11 Тамыз 2022, 07:46
1271
Бөлісу:
Биыл Қаратау ауданында 89 көшеге асфальт төселеді – Шымкент

Биыл Қаратау ауданында 89 көшеге асфальт төселеді. Қазіргі таңда аудан аумағындағы 155 көшеге тақтайша орнатылып жатыр. Сондай-ақ, ауданда 2 индустриалды аймақ ашу жұмысы басталған. Ал «Тассай» индустриалды аймағында жыл соңына дейін 10 жоба жүзеге асып, 605 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов мәлімдеді.

Қаратау ауданы аумағында ретсіз сауда орындары мен заңсыз дүңгіршек орналастыру фактілері бойынша 6 айда 4 млн 655 700 тенге айыппұл салынган. Сонымен қатар, 6 ай ішінде заңсыз орналасқан 36 дүңгіршек алынып тасталды. Жалпы аудан көлемінде 474 заңсыз жарнама анықталып, бүгінге дейін оның 366-сы алынып тасталған.

Заңсыз сауда нүктелері пайда болады. Осы бағытта көп мәселе көтереміз. Бүгінгі таңда бізде жалпы 1708 хаттама толтырылған, 4 655 700 теңге айыппұл салынып отыр. Оның 595-і 204-бап бойынша, 1113-і 505-бап бойынша салынып отыр, - деді Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов.

Аудан аумағында орналасқан «Тассай» индустриалды аймағында 20 жоба іске қосылып, 1500 жұмыс орны ашылған. Ал жыл соңына дейін тағы 10 жоба жүзеге асып, 605 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр. Жалпы инвестиция көлемі – 30 млрд теңге. Сондай-ақ Қаратау ауданында жаңадан 2 индустриялдық аймақ ашу жұмыстары басталған.

Мемлекет басшысы жолдауда 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтуді тапсырды. Осы орайда, ауданымызда жаңадан 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары басталды. «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы іске қосылған уақытта – 21 жоба іске асырылып, 1500 жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, «Агроиндустриалық» аймақта 14 жоба іске асырылып, 369 жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр. Қазіргі таңда, аталған аумақтарда инженерлік инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп жатыр, – дейді аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов. 

Каратау ауданында биыл 83,6 шақырым, нақтырақ айтқанда 89 көшеге асфальт төселеді. Бүгінде 36 нысанда жұмыс толық аяқталса, 32 нысан құрылысы жалғасып жатыр. Жалпы 2022-2025 жылдары 441,2 шақырым, яғни 466 көшеге асфальт төсеу жұмысы жүргізілеледі деп жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы