Биыл 5 мыңнан астам адам елден кеткен

18 Мамыр 2022, 08:10
1101
Бөлісу:
Биыл 5 мыңнан астам адам елден кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық статистика бюросында хабарлағандай, биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 4 108 адам келді, 5 281 адам кетті. Яғни, осы кезеңдегі көші-қон көрсеткіші теріс.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүріп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 86%-ды, көшіп кеткендердің үлесі жалпы көшіп-қонушылар санының 80,8%-ын құрады.

Өңіраралық ауысулар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің үш мегаполисінде қалыптасты:

Нұр-сұлтан – 7 523 адам, Алматы – 8 278 адам, Шымкент – 866 адам.

Өзгелердің жаңалығы