Биыл 170 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

24 Мамыр 2022, 11:26
1949
Бөлісу:
Биыл 170 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылы 170 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы қоңырау 25 мамырда соғылады. ҚР Білім және ғылым министрлігі «ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» бітіру іс-шараларын өткізу бойынша ұсыныстар дайындады.

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова соңғы қоңырау – бұл мұғалімдер мен оқушылар оқу жылының қорытындысын шығарып, білім алушылардың жетістіктерін атап өтетін көңілді әрі маңызды оқиға екенін атап өтті. 

Биыл эпидемиологиялық жағдай мектеппен қоштасу мерекесін өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Алайда ол міндетті түрде мектеп қабырғасында ұйымдастырылуы керек. Білім беру ұйымдары барлық қажетті ұсыныс мен нұсқауды алды. 2022 жылы елімізде 3,5 млн-нан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады. Биыл «Алтын белгі» төсбелгісіне 8 139 түлек үміткер. Тағы қоса кетерім, жыл сайын 1 қыркүйек немесе 25 мамыр қарсаңында қоғамда «Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма және бұл заң бұзушылық болып саналмай ма?» деген сұрақ туындайды. Біздің ұстанымымыз - иә, болады. Бұл жақсы дәстүр ғой, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы