Бірнеше бизнесі бар. Тоқаев елдегі олигополия туралы айтты

21 Қаңтар 2022, 15:08
2290
Бөлісу:
Бірнеше бизнесі бар. Тоқаев елдегі олигополия туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында олигополия туралы айтты.

Реформалар жөніндегі жоғары экономикалық кеңестің отырысында елімізде олигополия (рынокта аздаған ірі компаниялар мен бірқатар шағын фирма әрекет ететін жағдай) бар екенін айттым. Барлығыңызды олигополияның классикалық анықтамасын біледі деп үміттенемін. Бизнестің бір қолда болуы және онымен кәсіпкерлікке қабілетті басқа адамдармен бір мезгілде айналысу мүмкіндігінің болмауы барлық мемлекеттер үшін аса қауіпті үрдіс. Олигополия – ел экономикасын әртараптандыруға емес, бір қолдағы бизнесті әртараптандыруға деген тұрақты ұмтылыс. Яғни сол адам немесе бір компания кен қазып, өңдейді, банктерді басқарады және одан басқа да көптеген бизнесі бар, ал қалғандарында ештеңе жоқ, - дейді Тоқаев.

Президенттің сөзінше, бизнесті монополиялау нашар және әлеуметтік депрессияға толы процесс. 

Адамдарды таң қалдыратын сұрақтар бар: Неге бизнестің барлық түрі бір адамның қолында? Біздің одан қай жеріміз кем? Гегельді Бабельмен шатастыратындар бар. Бірақ олардың арнайы білімі жоқ болса да, олардың қолында үлкен бизнес бар. Ал керісінше, арнайы курстарды бітірген білімді адамдар бизнес көздеріне, несие ресурстарына және басқаларға қол жеткізе алмайды, - деп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде.

Өзгелердің жаңалығы