БҒМ соңғы қоңырауды өткізудің ережесін еске салды

24 Мамыр 2022, 11:25
1099
Бөлісу:
БҒМ соңғы қоңырауды өткізудің ережесін еске салды
Фото: Егемен Қазақстан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҒМ соңғы қоңырауды өткізудің ережесін еске салды.

Республиканың барлық жалпы білім беретін мектебінде соңғы қоңырау мерекесін бір мезгілде өткізу жоспарланып отыр, - делінген БҒМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оған мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер және олардың ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері, демеуші ұйымдардың, Білім және ғылым министрлігі мен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларының өкілдері, білім бөлімдері, мүдделі мемлекеттік органдар және т.б. қатыса алады.

Мектеп бітіру кешін білім беру ұйымы өзі ұйымдастырып, өткізуі керек.

 Рұқсат етілмейді:

 – аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін ақылы жеке студияларды тартуға;

 - мерекелік дастархандар жаюға;

 – жалға берілетін автокөліктерді тарта отырып, қала (аудан) бойынша экскурсиялар өткізуге;

 – мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинауға;

 - ойын-сауық мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыруға.

Қазақстанның барлық мектебінде «Соңғы қоңырау» мерекесі 2022 жылғы 25 мамырда өтетінін еске сала кетейік. Ал аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімі 2022 жылғы 16-17 маусымда өтеді.

Өзгелердің жаңалығы